Президент Жолдауы: ел дамуы және жастардың азаматтық жауапкершілігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің «6B05108 — Биомедицина» білім беру бағдарламасының студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған іс-шара өткізілді.
Кездесудің мақсаты — студенттерге Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру, қоғамдық-саяси сауаттылығын арттыру және ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Талқылау барысында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, білім мен ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттар болашақ биомедицина мамандарының кәсіби қалыптасуымен, ғылыми ізденісімен және қоғам игілігіне қызмет етуімен байланысты қарастырылды.
Кездесуде сапалы білім алу, ғылыми жаңалықтарды меңгеру, кәсіби біліктілікті жетілдіру және заңды құрметтеу жастардың ел дамуына үлес қосуының маңызды жолдары екені атап өтілді. Болашақ мамандар үшін кәсіби жауапкершілікпен қатар, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңызы айқындалды.
Іс-шара мазмұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағыты — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсатына сәйкес келеді. Атап айтқанда, жастардың құқықтық мәдениетін дамыту, қоғамдық диалогқа қатысуын ынталандыру және мемлекеттік институттардың қызметі туралы түсінігін кеңейту осы мақсаттың негізгі қағидаттарымен үндеседі.
Танымдық кездесу студенттердің елдегі өзгерістер туралы түсінігін кеңейтіп, білім мен ғылым арқылы қоғамның дамуына үлес қосуға деген ынтасын арттыруға бағытталды.
Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.д.,
қауымдастырылған профессоры
Абикенова Гүлжазира Естайқызы;
аға оқытушы Бекбауова Жұлдыз Маратовна.
Басқа жаңалықтар