Өндіріс ошақтары – елдің экономикалық дамуының тірегі. — ҚазҰУ

Өндіріс ошақтары – елдің экономикалық дамуының тірегі.

2 қараша 2026
Өндіріс ошақтары – елдің экономикалық дамуының тірегі.

29 қазан 415 аудиторияда "Мұнайхимия және химмотология" ББ 1 курс және "Химия" ББ 3 курс студенттері үшін "Өндіріс ошағы - жетекші сала" семинар – тренингі өткізілді. Іс-шараны химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушысы Мағира Жылқыбек ұйымдастырды. Семинар барысында студенттерге Қазақстанның мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібінің ел экономикасындағы рөлі, мұнайды өндіру мен өңдеу кезеңдері, дайын өнім түрлері және өндіріс ошақтарының маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі, жаңа технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды. Семинар-тренинг соңында Мағира Жылқыбек өндіріс ошағына қатысты "ойланып көріңіз" атты қызықты викториналық ойындар ұйымдастырып, оның нәтижесінде студенттерге ұсынымдар мен тиімді әдістемелер берілді.

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 

оқытушысы Мағира Жылқыбек