ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіндегі халықаралық көшбасшылық дәрістер циклы — ҚазҰУ

ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіндегі халықаралық көшбасшылық дәрістер циклы

30 қазан 2026
ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіндегі халықаралық көшбасшылық дәрістер циклы

      БҰҰ-ның 17-Тұрақты даму мақсаты – «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» (ТДМ 17) шеңберінде және екіжақты академикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ғалымдары Өзбекстан Республикасы құрамындағы Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіне (Нүкіс қ.) ресми шақырумен барып, мазмұнды дәрістер циклын өткізді.

       Апта бойы созылған 40 сағаттық дәрістер барысында ҚарМУ-дың қарақалпақ, өзбек және қазақ бөлімдерінің студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін «Түркітануға кіріспе», «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Өзбек тілі тарихы», «Түркі лексикологиясы және лексикографиясы» пәндері бойынша негізгі теориялық және қолданбалы мәселелер кеңінен сөз болды. 

ҚазҰУ өкілдері заманауи компьютерлік лингвистика, тілді цифрландыру және Орталық Азиядағы туысқан түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи зерттеулері бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.

   Көшбасшылық дәрістер циклы білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік қызығушылығын арттырып, екі елдің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы рухани, білім берушілік және ғылыми-педагогикалық интеграцияны тереңдетуге, сондай-ақ ТДМ 17 аясындағы аймақтық халықаралық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге елеулі үлес қосты.

   Ұйымдастырушылар: Р.А. Авакова, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі; Ш.Т. Кудьярова, PhD, түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті.