Кафедрада старосталармен кезекті кездесу өтті — ҚазҰУ

Кафедрада старосталармен кезекті кездесу өтті

30 қазан 2026
Кафедрада старосталармен кезекті кездесу өтті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында топ старосталарының қатысуымен кезекті жиналыс өтті.

Аталған жиналысқа кафедра меңгерушісі, профессор А.А. Токбергенова, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К. Кадылбеков және кафедраның аға кураторы Б.Н. Есболған қатысып, жиналысты жүргізді.

Күн тәртібінде білім алушылардың ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауы, оқу процесінің сапасы, студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімі, сондай-ақ кафедраның қоғамдық және тәрбиелік жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиналыс соңында топ старосталарына оқу процесін тиімді ұйымдастыру, топ ішіндегі тәртіпті бақылау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар мен нақты ұсыныстар берілді.