ПРОФЕССОР САБЫР НҰРТАЗИН – 80 ЖАСТА Мерейтойлық дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

ПРОФЕССОР САБЫР НҰРТАЗИН – 80 ЖАСТА Мерейтойлық дөңгелек үстел өтті

28 қазан 2026
ПРОФЕССОР САБЫР НҰРТАЗИН – 80 ЖАСТА Мерейтойлық дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 28 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Сабыр Темірғалиұлы Нұртазиннің 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Ғалымның әріптестері мен шәкірттері бас қосқан жиын оның ғылым мен білімге қосқан елеулі үлесін дәріптеуге арналды.

1946 жылғы 27 қазанда дүниеге келген Сабыр Темірғалиұлы 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін тәмамдады. Оның ғылыми ізденістері гистология, цитология, эволюциялық морфология және Қазақстанның биоалуантүрлілігін зерттеу салаларын қамтиды. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы бір ғылым докторына, 15 ғылым кандидатына және бес PhD докторына ғылыми жетекшілік етті.

«Құрмет» (2009) және «Парасат» (2024) ордендерінің иегері Сабыр Нұртазин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін университеттің «Үлкен алтын медалімен» марапатталды. Ғалымның өнегелі өмір жолы мен қалыптастырған ғылыми мектебі кейінгі буынға үлгі болып келеді. Мерейтойлық басқосу ардақты ұстазға деген шынайы құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісіне айналды. Осы орайда ғалымның көпжылдық еңбегін жоғары бағалап, ерекше құрмет көрсеткен университет басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз.