«АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ: ДӘСТҮР МЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ
Қазақстан Республикасының күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерді, оқытушыларды және университет қонақтарын біріктірген «Алтын күз» мерекелік жәрмеңкесі өтті.
Әр факультет мерекелік алаң ұйымдастырып, қонақтарға хош иісті палау мен қызғылт бауырсақтар ұсынды. Шығыстану факультетінің алаңында Пәкістан, Үндістан, Түркия және Араб елдерінің ұлттық киімдері ерекше сән беріп, Шығыс мәдениетінің өзіндік бояуын танытты. Жәрмеңкеге Ираннан келген қонақтар да қатысып, студенттерге қолдау білдіріп, мерекелік көңіл күймен бөлісті.
Ерекше тарту ретінде құм үстінде дәстүрлі әдіспен дайындалған түрік кофесі ұсынылды.
«Алтын күз» жәрмеңкесі бірлік пен қонақжайлылықтың, мәдениетаралық қарым-қатынастың жарқын көрінісіне айналды. Баршаңызды келе жатқан Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз!
Көптілеуова Д.Т.
ТШжОА кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар