Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Логистика» мамандығының студенттері «KAZLOGISTICS» Жастар форумында бой көрсетті — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Логистика» мамандығының студенттері «KAZLOGISTICS» Жастар форумында бой көрсетті

3 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Логистика» мамандығының студенттері «KAZLOGISTICS» Жастар форумында бой көрсетті

28–29 қазан күндері өткен «KAZLOGISTICS» Жастар форумына республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Аталмыш ауқымды шара ТМД 17 аясында болды, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Логистика» мамандығының студенттері де белсене қатысып, мол тәжірибе жинақтап қайтты.


 

  Форум аясында сала өкілдерімен кездесулер, кәсіби талқылаулар өтіп, болашақ логистерге көлік-логистика секторының заманауи трендтері мен даму мүмкіндіктері таныстырылды.


 

  Сонымен қатар, ЖОО-лар арасында ұйымдастырылған спорттық сайыстарда ҚазҰУ студенттері интеллектуалды бәсекеде жоғары шеберлік танытып, шахмат турнирінен республика бойынша II орынды иеленді.