- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай: «Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».
Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай: «Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».
Өнер мен мәдениет — ұлт руханиятының ажырамас бөлігі. Осы орайда біз ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, қазақы болмыстың әсемдігін сезінуге мүмкіндік берген «Алтыбақан» ұлттық ән кешіне қатыстық! 🇰🇿
Ән мен күй, би мен әзіл, ұлттық ойындар тоғысқан ерекше кеште қазақ ауылының думанды атмосферасы қайта жаңғырды. Домбыраның қоңыр үні, дәстүрлі әндер мен әсем билер кештің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

«Алтыбақан» — жай ғана ән кеші емес, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, салт-дәстүрімізді жаңғыртатын, қазақы ортаның жылуы мен жастық шақтың жарқын сәттерін біріктіретін тағылымды мәдени шара.
Осындай рухани бай, мазмұнды іс-шараларға қатысып, студенттік өмірімізді ерекше әсерлермен толықтыруға мүмкіндік жасап отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Университет қабырғасында біліммен қатар өнерді, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін осындай кештердің көп болуы біз үшін үлкен мүмкіндік.

Ұлттық өнеріміз жасай берсін, дәстүріміз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!
География және табиғатты пайдалану факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы.