Механика-математика факультетінің 1-курс студенттеріне дәріс өткізілді — ҚазҰУ

Механика-математика факультетінің 1-курс студенттеріне дәріс өткізілді

21 қазан 2026
Механика-математика факультетінің 1-курс студенттеріне дәріс өткізілді

 

Механика-математика факультетінің 1-курс студенттеріне арналған «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары туралы ақпарат беру, олардың маңыздылығын түсіндіру және жастардың әлеуметтік, экологиялық әрі экономикалық мәселелерге деген жауапкершілігін арттыру.

Дәріс барысында тұрақты дамудың 17 мақсаты, оның ішінде сапалы білім беру, гендерлік теңдік, таза су мен санитария, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және басқа да маңызды бағыттар талқыланды.

Сонымен қатар студенттерге тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмірде және болашақ кәсіби қызметте қолданудың маңыздылығы түсіндірілді.

Дәріс қорытындысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында пікір алмасты. Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және тұрақты даму идеяларын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Ұйымдастырушылар: Алмаханова Н., Омирбекова А., Балтымова М., Кудайбергенов С.