- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің ұжымы академик Аманкелді Садановты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады 2026 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында көрнекті қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Құрбанұлы Садановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологияны дамыту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі микробиология мен вирусологияның үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикал
ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің ұжымы академик Аманкелді Садановты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады 2026 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында көрнекті қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Құрбанұлы Садановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологияны дамыту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі микробиология мен вирусологияның үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикал
2026 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында көрнекті қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Құрбанұлы Садановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологияны дамыту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі микробиология мен вирусологияның үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ұйымдастырды. Іс-шараға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары оқу орындарының және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Конференция жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің ұжымы атынан факультет деканы Нармуратова М.Х., биотехнология кафедрасының меңгерушісі Сарсекеева Ф.К., деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Басыгараев Ж.М., биотехнология кафедрасының профессоры Заядан Б.К. және ассистент-профессор Абдулжанова М.А. қатысты.
Биология және биотехнология факультетінің ұжымы атынан ҚазҰУ қызметкерлері Аманкелді Құрбанұлы Садановты 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның көпжылдық жемісті еңбегіне, отандық микробиология, вирусология және биотехнология ғылымдарының дамуына қосқан зор үлесіне, ғылыми кадрларды даярлаудағы және Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтудағы елеулі жетістіктеріне терең құрмет пен алғыс білдірді. Мерейтой иесіне зор денсаулық, амандық, сарқылмас күш-қуат және жаңа ғылыми табыстар тіледі.
Конференция аясында заманауи микробиология мен вирусологияның өзекті мәселелері, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инновациялық биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу, ауыл шаруашылығында микроорганизмдерді қолдану, сондай-ақ жаңа вирусқа қарсы және микробқа қарсы препараттарды жасау перспективалары талқыланды.
Отандық ғылымның жетістіктеріне, ғылыми зерттеулер нәтижелерін тәжірибеге енгізуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Ғылыми бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей елдерінің зерттеушілері қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті қызметкерлерінің конференцияға қатысуы ғылыми байланыстарды нығайтуға, кәсіби ынтымақтастықты дамытуға және микробиология, вирусология мен биотехнология салаларындағы бірлескен зерттеулердің жаңа мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал еткен маңызды оқиға болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті академик Аманкелді Садановтың Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды және «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығымен» алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдіреді.
Басқа жаңалықтар