ҚазҰУ студенттері «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауында жеңіске жетті — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенттері «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауында жеңіске жетті

4 қараша 2026
ҚазҰУ студенттері «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауында жеңіске жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері Нұрбек Лашын мен Аманжол Нұрай «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауында бірінші орын иеленді.

Байқау 2026 жылғы 31 қазанда Астана қаласында өтті. Іс-шараны «Bilim-orkeniet» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Нұрбек Лашын — төртінші курс, ал Аманжол Нұрай — үшінші курс студенті. Екеуі де Қаржы және есеп кафедрасының «Қаржы» мамандығы бойынша білім алуда. Жеңімпаздардың ғылыми жетекшілері — А. С. Асилова мен Г. И. Супугалиева.

Байқау қорытындысы бойынша студенттер төсбелгілермен, сертификаттармен, мүсіншелермен және дипломдармен марапатталды. Олардың ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.

Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Оқуда және ғылыми қызметте табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!