2026 жылдың 3 қарашасында Журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Денсаулық – басты байлық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Топ кураторы, аға оқытушы Кундахбаева Асель Тураповна.
Іс-шара барысында факультеттің аға оқытушысы Есхуатова Назым сөз сөйлеп, денсаулықтың адам өміріндегі құндылығы мен маңыздылығына тоқталып, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін түсіндірді.
Сонымен қатар, студенттер осы тақырып аясында арнайы танымдық бейнеролик дайындап, көпшілік назарына ұсынды. Бейнероликте денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, дұрыс өмір салты және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы маңызды ақпараттар қамтылды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер де өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Іс-шара мазмұнды әрі тағылымды өтіп, студенттердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар