Театр – рухани тәрбие мен мәдени құндылықтар ордасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің студенттері мәдени-танымдық іс-шара аясында театрға барып, «Тойы көп үй» атты қойылымды тамашалады.
Студенттердің театр өнерімен жақынырақ танысуына, рухани дүниесін байытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған бұл шара жастардың мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды.
«Тойы көп үй» қойылымы көрерменге отбасылық құндылықтар, адамгершілік, өзара сыйластық, қарым-қатынас және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер туралы ой салатын мазмұнды туынды ретінде ұсынылды. Театр сахнасындағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен оқиғалар желісі студенттерге өмірлік жағдайларды саралап, адамдық қасиеттер мен қоғамдық жауапкершіліктің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Қойылымды тамашалау барысында студенттер театр әлемінің ерекше атмосферасын сезініп, актерлердің шеберлігіне тәнті болды. Мұндай мәдени іс-шаралар жастардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, мәдени қарым-қатынасын және рухани дамуын жетілдіруге ықпал етеді.
Іс-шараны ұйымдастырып, студенттерді театрға бастап барған – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-техникалық факультеті Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы Таженова Маржан Сұлтанқызы.
Университет қабырғасында білім алумен қатар, жастардың мәдени және рухани дамуына жағдай жасау – сапалы білім берудің маңызды бағыттарының бірі. Себебі жан-жақты дамыған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін тұлға қалыптастыруда өнер мен мәдениеттің орны ерекше.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндеседі:
ТДМ 4 (Сапалы білім): Мәдениет пен өнер арқылы студенттердің жан-жақты білімін және дүниетанымын кеңейту.
ТДМ 3 (Жақсы денсаулық және әл-ауқат): Мәдени демалыс пен рухани сергектікті қолдау, жастардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатына оң ықпал ету.
ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен елді мекендер): Мәдени мұраны, өнерді және театр құндылықтарын насихаттау.
Театр – тек сахналық қойылым емес, ол – өмір мектебі, тәрбие құралы және рухани кемелденудің қайнар көзі.
Басқа жаңалықтар