Оқиғалық туризм: тәжірибелік сабақ
«Оқиғалық туризм» пәні аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының 3 студенттері «Premium Penguin» ойын-сауық орталығына барып, аудиториядан тыс сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер орталық басшылығымен кездесіп, боулинг орталығын ұйымдастыру және басқару, ойын-сауық қызметтерін ұсыну ерекшеліктері, боулинг ойындарының тарихы, сондай-ақ осындай нысандарда түрлі іс-шараларды ұйымдастырудың тәжірибелік қырларымен танысты.

Сонымен қатар, кездесуде боулингтің оқиғалық туризмді дамытудағы рөлі, оның туристік-ойын-сауық индустриясындағы орны және келушілерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Аудиториядан тыс сабақ студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, ойын-сауық индустриясының жұмыс ерекшеліктерін түсінуге және оқиғалық туризм саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар