Заңды білу - әрбір азаматтың міндеті — ҚазҰУ

Заңды білу - әрбір азаматтың міндеті

3 қараша 2026
Заңды білу - әрбір азаматтың міндеті

2026 жылғы 3 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заңды білу – әр азаматтың міндеті» тақырыбында дискуссия ұйымдастырылды.

Іс-шараға шетелдік студенттерқатысып, құқықтық сауаттылық, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы тәртіп мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

Дискуссия барысында заңды білу мен оны құрметтеудің әрбір азаматтың өміріндегі маңызы талқыланып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік және заң алдындағы теңдік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шараны ұйымдастырған – А.К. Ахмедова 

Осындай танымдық кездесулер шетелдік білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға ықпал етеді.