«Әлеуметтік қолдау бағдарламалары және олардың тиімділігі» — ҚазҰУ

«Әлеуметтік қолдау бағдарламалары және олардың тиімділігі»

6 қараша 2026
«Әлеуметтік қолдау бағдарламалары және олардың тиімділігі»

2026 жылғы 6 қарашада БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ТДМ 1 — «Кедейлікті жою» мақсатына арналған «Әлеуметтік қолдау бағдарламалары және олардың тиімділігі» тақырыбында халықаралық онлайн-нетворкинг өткізілді.

Іс-шара Қазақстан, Қытай және Ресей елдерінің білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктіріп, халықаралық қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және халықты әлеуметтік қолдаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

Онлайн-нетворкингке келесі қатысушылар қатысты:

- Жоғары экономика және бизнес мектебінің 1-курс студенттері;

Бакасова А.К. — Павлодар инновациялық Еуразия университетінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші;

- Кыдырбаева Г.Б. — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы;

- Chongqing Southwest University (Қытай) университетінің студенттері — Бекболатова Диниар және Айдосқызы Ажар;

- Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Омбы ауданы, Ачаир орта мектебінің 10-сынып оқушылары, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Мережко Наталья Ивановнаның жетекшілігімен;

- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенттері, шет тілдері практикалық кафедрасының аға оқытушылары Халенова Айнагүл Рыскельдиевна мен Мурумбаева Галия Аскеровнаның жетекшілігімен.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың халықты әлеуметтік қолдаудың маңызы туралы хабардарлығын арттыру, мемлекеттік көмек көрсету тетіктерін зерделеу және олардың кедейлік деңгейін төмендету мен қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етудегі рөлін талқылау болды.

Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік қолдаудың негізгі түрлерін, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыларды, аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын, жұмыспен қамту бағдарламаларын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қарастырды.

Әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігіне, олардың көмекке мұқтаж азаматтар үшін қолжетімділігіне, сондай-ақ халықтың барлық топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі мемлекеттік және қоғамдық қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Онлайн-нетворкингтің интерактивті форматы қатысушылардың талқылауға белсенді араласуына, өзара пікір алмасуына және халықаралық диалог орнатуына мүмкіндік берді. Студенттер мен мектеп оқушылары өз көзқарастарымен бөлісіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылады, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру жолдарын қарастырып, тұрақты даму саласындағы жаһандық бастамалар туралы білімдерін кеңейтті.

Іс-шараның халықаралық сипаты жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға, әртүрлі елдердің өкілдері арасында білім беру және әлеуметтік тәжірибе алмасуға жағдай жасады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар кедейлік мәселесі, халықты әлеуметтік қорғау тетіктері және ТДМ 1 мақсатын іске асырудың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар кездесу жастардың әлеуметтік жауапкершілігін, коммуникативтік дағдыларын, сыни ойлау қабілетін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары Бекалаева А.О., Тлеугабылова З.А., Куралова А.Т., Омарбекова Г.Д., Жаримбетова Р.Н.