«Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі» — ҚазҰУ

«Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі»

21 қазан 2026
«Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі»

 

Механика-математика факультетінің 1-курс студенттеріне арналған «Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» бағыты туралы ақпарат беру, білімнің қоғам дамуындағы рөлін түсіндіру және жастардың үздіксіз білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

Дәріс барысында сапалы білім берудің негізгі қағидаттары, баршаға бірдей білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім берудегі теңдік, инклюзивтілік және өмір бойы білім алу тұжырымдамалары талқыланды.

Сонымен қатар қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім мен ғылымның маңыздылығы, жаңа технологияларды меңгеру, сыни ойлау қабілетін дамыту және болашақ маман ретінде кәсіби білімді үздіксіз жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәріс қорытындысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, сапалы білімнің жеке тұлғаның дамуы мен қоғамның болашағына ықпалы туралы пікір алмасты. Іс-шара жастар арасында білім құндылығын насихаттауға және тұрақты даму идеяларын кеңінен таратуға бағытталды.

Ұйымдастырушылар: Алшынова Ә., Аликбаева М., Балтымова М., Кудайбергенов С.