- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазҰҚПУ студенттері Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі іс-шараға қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазҰҚПУ студенттері Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі іс-шараға қатысты
2026 жылғы 6 қарашада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің филология факультетінде «Сапалы білім беру және гендерлік теңдік тұрақты дамудың негізі ретінде» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастырды.
Жиынды «8D03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2-курс PhD докторанты Әсел Шерубайқызы өткізді. Іс-шараға ғылыми жетекші, философия ғылымдарының докторы, профессор Ажар Қуанышбекқызы Жолдубаева және зерттеу практикасының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мира Рашидқызы Балтымова да қатысты.
Жиын студенттерге Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ 4 және 5) тереңірек танысуға көмектесіп, пікір мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сондай-ақ бұл іс-шара екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен бастамаларға жол ашты. Соңында ұйымдастырушылар қабылдаушы тарапқа қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.

Басқа жаңалықтар