- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-4. ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ 10 ҚАДАМ: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН БІЛУ — ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ!
ТДМ-4. ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ 10 ҚАДАМ: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН БІЛУ — ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ!
«6B07301 - Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен «Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам» тақырыбында куратор-эдвайзер М.М. Әлімбай кураторлық ашық сағат өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара аясында студенттерге жер сілкінісі орын алған жағдайда өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған негізгі қауіпсіздік қағидалары таныстырылды. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде үрейге бой алдырмау, қауіпсіз жерді дұрыс анықтау, ғимарат ішінде және сыртында сақталуы тиіс талаптар, сондай-ақ эвакуациялау тәртібі қарастырылды.
Тақырыпты талқылау барысында студенттер жер сілкінісіне дайын болудың маңыздылығы, төтенше жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ой бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту. Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағытымен үндеседі және табиғи апаттар тәуекелін төмендетуге, қауіпсіз орта қалыптастыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар