- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: Президент жолдауы - ел дамуының стратегиялық бағдары, ұлттық басымдықтар мен болашаққа бағытталған міндеттер
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: Президент жолдауы - ел дамуының стратегиялық бағдары, ұлттық басымдықтар мен болашаққа бағытталған міндеттер
4 қараша 2026
2026 жылғы 4 қарашада заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағдары, ұлттық басымдықтар мен болашаққа бағытталған міндеттер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарды кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Қуаналиева ашып, қатысушыларға алғы сөз сөйледі. Өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының стратегиялық басымдықтары мен алдағы міндеттерінің маңыздылығына тоқталып, Жолдауда көтерілген бастамаларды ғылыми тұрғыда талқылау және олардың құқықтық аспектілерін зерделеу қажеттігін атап өтті.
Ғылыми-тәжірибелік семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Қ.М. Қожабек, А.А. Есекеева, Г.К. Рашева, С.М. Жапаков және С.Б. Бақыт қатысып, мемлекет басшысының Жолдауында қамтылған негізгі бағыттар бойынша өз пікірлері мен ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Талқылау барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрландыру үдерісі, құқықтық жүйені жетілдіру және мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жөнінде өзекті мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар семинар жұмысына Заң факультетінің 4-курс студенттері Алтынбеков Ерасыл, Бапанов Дамир және Наджибулла Жалалиддин белсенді қатысып, Жолдауда белгіленген басым бағыттар бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Жалпы, ғылыми-тәжірибелік семинарға заң факльтетінің 150 – ден аса білім алушылар қатысып, елдің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.
Семинардың басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық бағыттарды ғылыми-тәжірибелік тұрғыда саралау, олардың құқықтық қырларын зерделеу, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымы мен қоғамдық-саяси көзқарасын қалыптастыру.
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026