Уралов Оразгелді – Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері
9 қараша 2026
2026 жылы 29 қазан - 1 қараша аралығында Алматы қаласында жауынгерлік дзю-дзюсудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған республикалық додада 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің, 133 оқу тобы студенті (эдвайзері кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доцент м.а. Г.К. Рашева) Уралов Оразгелді жоғары нәтиже көрсетіп, жарыстың күміс жүлдегері (ІІ орын) атанды. Спортшы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті атынан арнайы дипломмен марапатталды.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №3 – “Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету” бағыты аясында ұйымдастырылып, жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Бұл жетістік – спортшының табандылығының, үздіксіз еңбегінің және спортқа деген жауапкершілігінің жемісі.
Оразгелдіні айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғап, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026