Қауіпсіз орта: Студенттің физикалық және психологиялық қорғалуы
2026 жылдың 27 қазаны күні Тарих факультетінде (№406 дәрісхана) студенттердің жан-жақты қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға арналған «Қауіпсіз орта: Студенттің физикалық және психологиялық қорғалуы» тақырыбында кешенді тәрбиелік кездесу өтті. Шараны Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Болат Санабайұлы Сайлан жүргізіп, оған факультеттің 50 студенті мен тәлімгер-кураторлары қатысты.
Кездесу аясында жастардың кампус пен студенттер үйіндегі физикалық қауіпсіздік ережелерін сақтауы, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-қимыл алгоритмдері және жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік мәдениеті сөз болды. Сонымен қатар профессор Б.С. Сайлан студенттердің академиялық ортаға бейімделуі, стрессті еңсеру жолдары, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау мәселелеріне тоқталып, өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Студенттер мамандардан психологиялық көмек алу тетіктерімен танысып, сенім қызметтері бойынша толық ақпарат алып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.