- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қаржылық сауаттылық: Ақшаны басқару өнері: табыс пен шығын тепе-теңдігі» тақырыбында зияткерлік семинар
«Қаржылық сауаттылық: Ақшаны басқару өнері: табыс пен шығын тепе-теңдігі» тақырыбында зияткерлік семинар
2026 жылғы 9 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде 6В050102 – «Биология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері, ББ24-06 тобының қатысуымен «Қаржылық сауаттылық: Ақшаны басқару өнері: табыс пен шығын тепе-теңдігі» тақырыбында зияткерлік семинар өткізілді.
Іс-шараны факультеттің PhD, ассистент-профессоры Алдибекова Алмагул Рахатовна ұйымдастырып, жүргізді.
Семинардың негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке қаржыны тиімді басқару, кірістер мен шығыстарды жоспарлау, қаражатты ұтымды пайдалану және үнемдеу дағдыларын қалыптастыру.
.jpeg)
Семинар барысында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы, жеке бюджетті дұрыс ұйымдастыру, табыс пен шығын арасындағы тепе-теңдікті сақтау, қаржылық шешімдерді сауатты қабылдау мәселелері қарастырылды. Студенттер тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, зияткерлік тапсырмаларға қатысты.
Іс-шара студенттердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, күнделікті өмірде қаржылық сауатты шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталды.