- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заң факультетінде «Заңгер этикасы және академиялық адалдық» тақырыбында семинар өтті
Заң факультетінде «Заңгер этикасы және академиялық адалдық» тақырыбында семинар өтті
2026 жылғы 17 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Заңгер этикасы және академиялық адалдық» тақырыбында студенттердің қатысуымен арнайы семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ заңгерлердің кәсіби этика қағидаттарын терең түсінуіне ықпал ету, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сана мен жауапкершілікті арттыру.
Семинар барысында заңгер мамандығының қоғам алдындағы жауапкершілігі, кәсіби қызметтегі адалдық пен әділдік қағидаттары, заң үстемдігін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және білім беру үдерісіндегі академиялық адалдық талаптары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар студенттерге академиялық адалдықтың болашақ кәсіби қызметпен тікелей байланысты екендігі, заңгердің кәсіби беделі ең алдымен оның адамгершілік ұстанымы мен құқықтық құндылықтарға адалдығына негізделетіні түсіндірілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқықтық мемлекеттің ғана емес, әрбір заңгердің кәсіби ұстанымының негізі. Сондықтан болашақ құқықтанушыларды даярлау барысында заңды білуімен қатар, оны құрметтеу, әділдікке қызмет ету және кәсіби жауапкершілікті сезіну мәдениетін қалыптастыру ерекше маңызға ие.
Аталған семинар студенттердің құқықтық дүниетанымын кеңейтуге, академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға және болашақ заңгерлердің кәсіби-этикалық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.