Тегеран университетінің ғалымы дәріс оқыды
2026 жылғы 9 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Тегеран университетінің профессоры, доктор Парсаниа Хамид Мохамед Реза білім алушыларға дәріс оқыды.
Іс-шараға Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының мәдени істер жөніндегі атташесі Садеги Мухаммед Масуд, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, оқытушы-профессорлар, студенттер мен магистранттар қатысты.
Дәріс тақырыбы әл-Фараби философиясындағы адам танымы және ізгі қоғамның қалыптасуы мәселелеріне арналды. Дәріс аясында әл-Фарабидің философиялық мұрасындағы адам табиғаты, ақыл-ой мен танымның арақатынасы, тұлғаның интеллектуалдық және рухани кемелденуі мәселелері қарастырылды. Ойшылдың қайырымды қала туралы тұжырымдамасы негізінде ізгі қоғам қалыптастырудағы білімнің, парасаттылықтың, адамгершілік тәрбиенің және қоғамдық ынтымақтастықтың маңызына назар аударылды. Сонымен қатар адамның бақытқа жетуі мен қоғамның ортақ игілікке ұмтылуы арасындағы философиялық байланыс талданды.
Дәріс барысында оқытушылар, студенттер мен магистранттар сұрақ қойып, ғылыми сұхбат өтті.

Басқа жаңалықтар