- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жошы ұлысына арналған 100 сұрақ» жобасы аясында студенттер арасында зияткерлік сайыс
«Жошы ұлысына арналған 100 сұрақ» жобасы аясында студенттер арасында зияткерлік сайыс
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті С.К. Үдербаева «Жошы ұлысына арналған 100 сұрақ» жобасы аясында «6B02205 – Ғылыми тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері арасында зияткерлік сайыс өткізді.
Зияткерлік сайыс барысында студенттер Жошы ұлысының құрылу тарихы, саяси-әлеуметтік дамуы, тарихи тұлғалары мен Еуразия кеңістігіндегі тарихи орны туралы білімдерін ортаға салды. Сайыс қатысушылардың тарихи деректермен жұмыс істеу, ақпаратты талдау, өз ойларын дәлелді жеткізу және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, аталған жоба жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұраны тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. Осындай танымдық іс-шаралар студенттердің зияткерлік әлеуетін арттырумен қатар, олардың тарихи санасы мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
ТДМ 4 - Сапалы білім.

Басқа жаңалықтар