- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 11 және ТДМ 17 аясында Медеу аумағында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 11 және ТДМ 17 аясында Медеу аумағында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда, ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және ТДМ 17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» мақсаттарын іске асыру аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара Медеу аумағында ұйымдастырылып, студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын тәрбиелеуге және тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 1-курс студенттері эдвайзер Н. Қайранбаевпен бірге аумақты қоқыстан тазалап, Алматы қаласындағы маңызды демалыс аймақтарының бірінің тазалығын сақтауға практикалық үлес қосты. Акцияға Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Консулдығының өкілдері де қатысты. Бұл экологиялық бастамаларды жүзеге асырудағы халықаралық әріптестіктің маңыздылығын көрсетті. Іс-шараға барлығы ҚазҰУ-дың 30-ға жуық студенті қатысты.
Акция қорытындысы бойынша қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен практикалық бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, экологиялық және білім беру жобалары аясындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Басқа жаңалықтар