- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Менеджмент» мамандығының 4-курс студенттерімен (К1, К2 топтары) «Алкоголь, темекі және құмар ойынға тәуелділік профилактикасы» атты семинар-тренинг өтті.
«Менеджмент» мамандығының 4-курс студенттерімен (К1, К2 топтары) «Алкоголь, темекі және құмар ойынға тәуелділік профилактикасы» атты семинар-тренинг өтті.
2026 жылғы 13 қарашада денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында «Менеджмент» мамандығының 4-курс студенттерімен (К1, К2 топтары) «Алкоголь, темекі және құмар ойынға тәуелділік профилактикасы» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараны топ кураторлары С.И. Тасжарғанов пен Г. Ғалымқызы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге зиянды әдеттердің салдары туралы түсінік беріп, оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Семинар-тренинг барысында тәуелділіктің түрлері мен қалыптасу себептері; алкоголь, темекі және вейптердің ағзаға зияны; онлайн-казино мен ставкаларға тәуелділіктің қаржылық және психологиялық салдары; зиянды әдеттердің алдын алу және стресті салауатты жолмен басқару тәсілдері қарастырылды.
Семинар соңында студенттер жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, белсенділік танытты. Іс-шара жастардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар