Құқықтық мәдениет пен волонтерлік – жауапты қоғам қалыптастырудың негізі — ҚазҰУ

Құқықтық мәдениет пен волонтерлік – жауапты қоғам қалыптастырудың негізі

2 қараша 2026
Құқықтық мәдениет пен волонтерлік – жауапты қоғам қалыптастырудың негізі
 
2 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Волонтерлік және заң мен тәртіп – қоғам дамуының негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шара Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Амангелдіқызы Қуаналиеваның жетекшілігімен, кафедра жанындағы студенттік заң клиникасы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылығын кеңейту, волонтерлік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, жастардың қоғамдық белсенділігін дамыту және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту болды.
Іс-шараға құқық қорғау, адвокатура, психология және волонтерлік қызмет салаларында тәжірибесі бар арнайы келесі шақырылған сарапшылар қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті:
Ракишева Ляззат Бекмұханбетовна – заңгер, құқық қорғаушы, «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті:
Елдесбаева Райхан Сериковна – Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты;
Хабаева Женисгуль Жапархановна – психолог, республикалық тренер-психолог;
Қамбарбаев Серік – «Асар Үме» қоры жобасының амбассадоры, сыртқы коммуникациялар жөніндегі жетекшісі;
Біркіленов Нұрсұлтан – «Асар Үме» қорының өркендеу және волонтерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі.
Кездесу барысында қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және әлеуметтік жобаларды ақпараттық сүйемелдеу бағыттарында өз тәжірибесімен бөлісті.