Халықаралық ғылыми-практикалық интеграция: Жаһандық тұрақты даму мақсаттары мен аграрлық сектордағы экологиялық-құқықтық реттеу перспективалары — ҚазҰУ

Халықаралық ғылыми-практикалық интеграция: Жаһандық тұрақты даму мақсаттары мен аграрлық сектордағы экологиялық-құқықтық реттеу перспективалары

13 қараша 2026
Халықаралық ғылыми-практикалық интеграция: Жаһандық тұрақты даму мақсаттары мен аграрлық сектордағы экологиялық-құқықтық реттеу перспективалары
2026 жылғы 24–25 қазанда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доцент м. а. Г.К. Рашева Жапонияның Токио қаласында өткен «ICMRME-2026 3rd International Conference on Multidisciplinary Research in Management and Education» атты менеджмент және білім беру саласындағы пәнаралық зерттеулерге арналған III халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция аясында өзекті ғылыми мәселелер талқыланып, шетелдік ғалымдармен ғылыми тәжірибе және пікір алмасу жүзеге асырылды. Атап айтқанда, аграрлық саладағы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы, оларды құқықтық реттеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған тақырыптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тығыз байланысты. Атап айтқанда, ТДМ 2 – «Аштықты жою», ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну және өндіріс», ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар Жапонияға сапар барысында QS әлемдік университеттер рейтингінде 201-орын алатын Waseda University университетіне жұмыс сапарымен барып, университеттің академиялық және ғылыми-зерттеу қызметімен танысты.