ҚазҰУ оқытушысы Финляндияда ғылыми тағылымдамадан өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ оқытушысы Финляндияда ғылыми тағылымдамадан өтті

13 қараша 2026
ҚазҰУ оқытушысы Финляндияда ғылыми тағылымдамадан өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы Оразбекова Раушан Сейлжановна 2026 жылғы 26 қазан мен 9 қараша аралығында Финляндияның Турку қаласындағы Або академиясында (Åbo Akademi University) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама AP26198717 «Жаңа экологиялық таза (тұрақты) авиациялық отын (SAF) өндіруге және көміртегі ізін азайтуға арналған заманауи тиімді катализаторлардың қалыптасу заңдылықтарын анықтау» ғылыми жобасы аясында қаржыландырылды. Жоба жетекшісі – ҚазҰУ профессоры Тунгатарова Светлана Александровна. Тағылымдама Өнеркәсіптік химия және реакциялық инженерия зертханасының жетекшісі, гетерогенді катализ саласындағы танымал ғалым, Еуропалық каталитикалық қоғамдар федерациясының мүшесі, Финляндияның Ақ раушан орденінің I дәрежелі кавалері, профессор Дмитрий Юрьевич Мурзиннің жетекшілігімен өтті. Зертхананың инфрақұрылымы катализаторларды заманауи әдістерімен зерттеуге мүмкіндік береді. Тағылымдама халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты авиациялық отын технологияларын дамытуға бағытталды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары: ТДМ 7 – Қолжетімді және таза энергия, ТДМ ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс, ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы әріптестік.

Гауһар Ерғазиева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің 

физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі,

 химия ғылымдарының кандидаты, профессор.