Тұлғалық даму және қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадам
2026 жылдың 13 қыркүйегінде № 9 Студенттер үйінде Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев және факультет деканының әлеуметтік даму және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ә.Ө. Өмірбекова «Тұлғалық даму және қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадам» тақырыбында факультет студенттерімен танымдық кездесу өткізді.
Қатысушыларға өзіндік іс-әрекетті ұйымдастыру, барлық жеке әрекеттерді дұрыс басқару туралы ақпарат беріп, сараптама жасалатын іс-шара ретінде ұйымдастырылды. Мұндай кездесулер әдетте қаржылық сауаттылықты арттыруға және тұлғалық дамуға бағытталады. Тұлғалық даму – бұл адамның өзін-өзі тануы, қабілеттерін жетілдіріп, саналы түрде рухани және әлеуметтік тұрғыдан өсуі. Кездесу барысында жеке тұлғаның даму жолы – мақсат қою, нақты жоспар құрып, күнделікті әрекет жасау, пайдалы әдебиеттер мен психологиялық еңбектерді зерделеу, әдеттерді өзгерту, жаман әдеттерден арылып, пайдалы дағды қалыптастыру екендігі талқыланды.
Кездесуде қарастырылған тұлғалық дамудың негізгі бағыттары:
өзін-өзі тану – мінезін, мақсатын және мүмкіндіктерін түсіну;
үздіксіз білім алу – жаңа дағдылар мен ақпаратты меңгеру;
эмоционалды интеллект – сезімді басқарып, өзгелермен тіл табысу.
Басқа жаңалықтар