- Басты бет
- Жаңалықтар
- «7M03101 - ӘЛЕУМЕТТАНУ» ЖӘНЕ «7M11401 - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС МАГИСТРАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«7M03101 - ӘЛЕУМЕТТАНУ» ЖӘНЕ «7M11401 - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС МАГИСТРАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында «7M03101 - Әлеуметтану» және «7M11401 - Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының бірінші курс магистранттарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Гульмира Сериковна және кафедра магистранттарының эдвайзері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, доцент Шеденова Назым Утегалиевна магистранттарды оқу барысында қойылатын негізгі талаптармен, білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, жеке оқу жоспарын қалыптастыру тәртібімен, магистрлік диссертация тақырыбын таңдау және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, кездесу аясында академиялық жоспарлау, зерттеу этикасы, ғылыми жарияланымдар дайындау, зерттеу құзыреттерін дамыту және заманауи академиялық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Магистранттарға оқу кезеңіндегі негізгі міндеттер түсіндіріліп, оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттары талқыланды.
Кездесу соңында магистранттардың сұрақтарына жауап беріліп, білім беру бағдарламаларын табысты меңгеру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу және академиялық әрі ғылыми әлеуетті дамыту бойынша ұсыныстар берілді.
Басқа жаңалықтар