Қиыр Шығыс кафедрасында корей алфавиті — Хангыль күнін атап өтті — ҚазҰУ

Қиыр Шығыс кафедрасында корей алфавиті — Хангыль күнін атап өтті

9 қазан 2026
Қиыр Шығыс кафедрасында корей алфавиті — Хангыль күнін атап өтті

2026 жылғы 9 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Хангыль күніне (한글날) арналған іс-шара өтті. Іс-шараны Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді корей әліпбиінің жасалу тарихымен және мәдени маңызымен таныстыру, корей тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ олардың шығармашылық белсенділігін дамыту және әртүрлі курс студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Іс-шара барысында студенттер корей әліпбиінің жасалу тарихымен, оның ерекшеліктерімен және корей мәдениетінің дамуындағы маңызымен танысты. Сонымен қатар Ұлы Седжон патшаның халық арасында сауаттылықты арттырудағы және ұлттық жазу жүйесін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Мерекелік бағдарлама аясында студенттер шығармашылық өнерлерін көрсетіп, корей тілі мен жазуы туралы білімдерін кеңейтуге және бекітуге бағытталған тақырыптық викториналарға, тілдік ойындар мен түрлі интерактивті тапсырмаларға қатысты.

Іс-шараның маңызды бөліктерінің бірі – жоғары және төменгі курс студенттері арасындағы сабақтастықты нығайтуға және корейтану бөліміндегі достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған кездесу болды. Танымдық және шығармашылық іс-шараларға бірлесіп қатысу студенттердің еркін қарым-қатынас жасауына, өзара тәжірибе алмасуына және достық атмосфераның қалыптасуына ықпал етті.

Іс-шара Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің оқытушылары Абаған А.Б., Хамитова Н.Е., Бидакмет А.Н., Сайлаукенова Ә.Е., Ташкенбаева Б.Ж. және корейтану бөлімінің студенттерінің қатысуымен өтті.

Осындай мәдени-танымдық іс-шараларды өткізу корейтану бөлімінің білім беру қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай бастамалар студенттердің корей тілі, тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуге, мәдениетаралық құзыреттіліктерін дамытуға, корей тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға, сондай-ақ әртүрлі курс студенттері арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.