Кішкентай қадамдар — үлкен үлес: ҚазҰУ-да Электронды қалдықтар күні атап өтілді — ҚазҰУ

Кішкентай қадамдар — үлкен үлес: ҚазҰУ-да Электронды қалдықтар күні атап өтілді

14 қазан 2026
Кішкентай қадамдар — үлкен үлес: ҚазҰУ-да Электронды қалдықтар күні атап өтілді

Күн сайын біз түрлі гаджеттерді, смарт сағаттарды, пульттер мен телефондарды қолданамыз. Бірақ қолданыстан шыққан ескі батарейкалар мен электронды құрылғылардың қайда баратыны туралы еш ойланып көрдік пе? Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы сұрақ нақты іспен шешімін тапты. Халықаралық электронды қалдықтар күні (International E-Waste Day) аясында университет студенттер, оқытушылар мен ғалымдардың басын біріктіріп, қоршаған ортаға қамқорлық жасау университет қалашығындағы қарапайым да саналы қадамнан басталатынын көрсетті.

Осы уақыт аралығында ҚазҰУ кампусында Samsung Electronics Kazakhstan компаниясының қолдауымен арнайы экобокстар орнатылған болатын. Бұл экоурналар университет қауымдастығы үшін табиғатты қорғаудың нақты нүктесіне айналды. Бүгін ұйымдастырушылар мен волонтерлер командасы университеттің негізгі орындарынан — Ректорат, Ақпараттық технологиялар факультеті, География және табиғатты пайдалану факультеті, сондай-ақ Физика-техникалық факультеттен барлық жиналған электронды қалдықтарды сұрыптап жинап алды.

Іс-шараның ең маңызды сәті студенттердің Farabi Chem Science Cluster орталығына жасаған сапары болды. Мұнда жастар батарейкаларды өткізіп қана қоймай, олардың қоршаған ортаға қаншалықты қауіпті екенін ұқты. Кәдімгі бір ғана батарейканы көлдеңңеңнен немесе қарапайым қоқысқа лақтырып жіберсе, ол ауыр металдармен, қышқылдармен 20 шаршы метр жерді және жүздеген литр суды улай алады. Табиғат мұндай химиялық соққымен өз бетінше күресе алмайды. Сондықтан оларды кез келген жерге тастауға мүлдем болмайды, міндетті түрде арнайы орындарға тапсырып, қайта өңдеуге жіберу қажет.

PhD, доцент Фёдор Мальчик бастаған тәжірибелі ғалымдардың жетекшілігімен студенттер батарейкаларды қауіпсіз сұрыптау және қайта өңдеу технологияларымен танысты. Бірақ экологиялық мәдениет дүкеннен басталады: бір рет қолданылатын батарейкалардың орнына қайта зарядталатын аккумуляторларды сатып алу — қалдықты азайтудың тамаша жолы. Ал істен шыққан элементтерді кәдеге жарату үшін арнайы экобокстарға өткізу әдетке айналуы тиіс. Университет ғалымдарының зерттеулері бұл салада үлкен үміт ұялатады.

Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей үлес қосады:

  • ТДМ 4 (Сапалы білім): жастарды практикалық экологиялық ағарту жұмыстарына тарту, жаңа буынның санасын қалыптастыру.

  • ТДМ 9 (Индустрияландыру, инновациялар және инфраструктура): қалдықтарды өңдеу саласындағы озық ғылыми зерттеулерді дамыту.

  • ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен елді мекендер): университет кампусы ішінде экожауапты орта қалыптастыру.

  • ТДМ 12 (Жауапты тұтыну және өндіріс): саналы тұтынуға көшу, қайта зарядталатын батарейкаларды қолдану және қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті.

  • ТДМ 17 (Тұрақты даму үшін серіктестік): академиялық орта мен ғылым (Farabi Chem Science Cluster) арасындағы тығыз байланыс.

Біз Samsung Electronics Kazakhstan компаниясына экобокстарды орнатуға көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ Фёдор Мальчик бастаған ғылыми ұжымға алғысымызды білдіреміз. Табиғатты қорғауды бір батарейкадан, саналы таңдаудан бастайық!