Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология жəне биотехнология факультеті, Зоология, гистология жəне цитология кафедрасы, 6B05102-Ғылыми биология мамандығының 3 курс студенттері жəне 6В08402-Аквакультура жəне су биологиялық ресурстар мамандығының 1-курс студенттері арасында “Көмек сұрау – батылдық” атты мотивациялық кездесу өтті. Мотивациялық кездесудің негізгі мақсаты – жастарға өз жағдайына назар аударудың, қиындықтарды ашық талқылаудың жəне қолдау сұраудың маңызын түсіндіру.
Студенттік өмір жаңа мүмкіндіктермен қатар жауапкершілікті де арттырады. Оқу жүктемесі, емтиханға дайындық, жаңа ортаға бейімделу жəне болашаққа қатысты алаңдаушылық əр адамға əртүрлі əсер етеді. Осындай сəттерде өз сезімін жасырып, барлық мəселені жалғыз шешуге тырысудың орнына, сенімді адаммен сөйлесуге мүмкіндік беру маңызды.
Кездесу тақырыбы көмек сұрауды адамның өзіне деген жауапкершілігінің көрінісі ретінде қарастыруға бағытталған. Өз қиындығын мойындау, оны сөзбен жеткізу жəне қолдау қабылдау батылдықты қажет етеді. Жақын адаммен, досымен, куратормен немесе психологпен сөйлесу жағдайға басқа қырынан қарауға жəне келесі қадамды анықтауға көмектеседі. Салауатты өмір салты тек дұрыс тамақтану мен дене белсенділігімен шектелмейді. Ол жеткілікті ұйқыны, оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті жəне эмоционалдық жағдайға көңіл бөлуді де қамтиды. Өз мүмкіндігін ескеріп, қажет кезде үзіліс жасау жəне қолдау сұрау – өзіне қамқорлық танытудың маңызды бөлігі.
Өзара қолдау мəдениетін қалыптастыруда əр студенттің үлесі бар. Қиналып жүрген адамды сынамай тыңдау, сезімін жоққа шығармау жəне жеке əңгімесіне құрметпен қарау сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Кейде қарапайым «Саған қалай көмектесе аламын?» деген сұрақтың өзі адамға жалғыз емес екенін сездіреді.
«Көмек сұрау – батылдық» кездесуінің негізгі ойы – қиындықты жалғыз көтерудің міндетті емес екенін жеткізу. Қолдау сұрай білу жəне өзгеге жанашырлық таныту университетте өзара құрмет пен сенімге негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Омарова Ж., Ғалымжанов И.
Басқа жаңалықтар